Ayala Shield
Құпиялылық саясаты
Пилотқа арналған жоба, нұсқасы 2026-11-20.1
Қысқаша
Ayala Shield телефон алаяқтығының белгілерін тануға көмектеседі. Деректерді өңдеу құрылғыда орындалады. Хабарламалардың мазмұны, контактілер мен телефон нөмірлері серверге берілмейді. Сенімді тұлғаларға тек оқиғалар туралы мәліметтер мен тәуекел туралы хабарландырулар беріледі.
1. Өңделетін деректер санаттары және өңдеу орны
Қолданба деректердің мынадай санаттарын өңдейді: телефон қоңыраулары туралы мәліметтер; хабарламалар мен хабарландырулар; контактілер; құрылғыға орнатылған қолданбалар туралы мәліметтер; құрылғы мен байланыс күйі туралы мәліметтер.
Аталған деректерді өңдеу Пайдаланушының құрылғысында жергілікті түрде орындалады және тек алаяқтық әрекеттердің белгілерін анықтау, Пайдаланушы мен ол қосқан сенімді тұлғаларды хабардар ету мақсатында жүзеге асырылады.
Хабарламалар мен хабарландырулардың мазмұны құрылғыда өңделеді, сақталмайды және берілмейді. Контактілер тізімі көшірілмейді. Пайдаланушының абоненттік нөмірі мен SIM-карта идентификаторы оқылмайды. Телефон әңгімелерін жазу және тыңдау жүзеге асырылмайды.
2. Тәуекел анықталған кездегі қолданбаның әрекеттері
Жоғары тәуекел белгілері анықталған кезде қолданба басқа қолданбалардың үстінен ескерту көрсетеді. Ескерту көрсетілген уақытта қолданба, операциялық жүйе рұқсат берсе, микрофон жұмысын шектеуі және қоңырауды аяқтауды ұсынуы мүмкін. Ескерту аяқталғаннан кейін бұрынғы параметрлер қалпына келтіріледі.
3. Серверге берілетін деректер
Оператордың серверіне мыналар беріледі:
- қолданба қалыптастыратын құрылғының дербестендірілмеген идентификаторы — атсыз, абоненттік нөмірсіз және электрондық пошта мекенжайынсыз;
- оқиғалар туралы мәліметтер: оқиғаның сипаты, болған уақыты және қолданбаның жауабы;
- қоңырауға қатысушының абоненттік нөмірі — тек нөмірді қалпына келтіруге мүмкіндік бермейтін қайтымсыз сандық таңба түрінде;
- құрылғының сандық таңбасы — құрылғыны сәйкестендіру және Сервисті ұсыну кезінде теріс пайдалануды болдырмау үшін;
- Пайдаланушы «Сайтқа шағымдану» батырмасын басқан кезде — сайт атауы (домендік атау) мекенжайдың қалған бөлігінсіз және хабарлама мәтінінсіз; алаяқтық сайттар тізімін толықтыру үшін пайдаланылады;
- Пайдаланушы Қолданба арқылы қолдау қызметіне жүгінгенде — өтініш мәтіні және Пайдаланушы өзі қосқан скриншоттар; жіберер алдында скриншоттар құрылғыда кішірейтіліп, түсірілген орны мен құрылғы моделі туралы мәліметтерсіз қайта сақталады. Тек өтінішке жауап беру және Қолданбаны жақсарту үшін пайдаланылады.
Берілмейді: хабарламалар мен хабарландырулардың мазмұны, хабарламалардағы сілтемелердің мекенжайлары (Пайдаланушының шағымы бойынша сайт атауынан басқа), операция сомалары, растау кодтары, контактілер, ашық түрдегі абоненттік нөмірлер, орнатылған қолданбалардың атаулары, орналасқан жер туралы деректер, фотосуреттер мен файлдар (Пайдаланушы қолдау қызметіне өтінішке қосқан скриншоттардан басқа).
4. Деректерге қолжетімділік және үшінші тұлғаларға беру
Оқиғалар туралы мәліметтерге тек Пайдаланушы қосқан сенімді тұлғалардың қолжетімділігі бар. Пайдаланушыны сенімді тұлғалардың құрамы туралы хабардар ету үшін серверде олардың әрқайсысы өзі көрсеткен аты сақталады; ол хабарландырулардың мазмұнына енгізілмейді. Оператор деректерді үшінші тұлғаларға сатпайды және бермейді. Қолданбада жарнамалық және бөгде аналитикалық сервистер пайдаланылмайды.
5. Хабарландыруларды жеткізу сервисін пайдалану
Сенімді тұлғаларға хабарландыруларды жеткізу Google push-хабарландыру сервисі арқылы жүзеге асырылады. Аталған сервиске тек қызметтік мәліметтер беріледі: хабарлама түрі мен оның идентификаторы. Оқиғаның мазмұны берілмейді.
6. Сақтау орны және мерзімдері
Деректер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан серверде сақталады. Жою автоматты түрде орындалады: оқиғалар туралы мәліметтер — 90 күн өткен соң; қызметтік сигналдар — 7 күн өткен соң; сенімді тұлға белгілеген тәуекел туралы хабарландырулар және сайттарға шағымдар — 12 ай өткен соң; қолдау қызметімен хат алмасу мен скриншоттар — 90 күн өткен соң. Құрылғыдан алты ай бойы сигнал болмаған жағдайда құрылғының деректері толық жойылады.
7. Дербес деректер субъектісінің құқықтары
Пайдаланушы өз дербес деректерінің өңделуі туралы мәліметтер алуға, оларды өңдеуге берген келісімін кері қайтаруға және оларды жоюды талап етуге құқылы — info@ayalashield.kz мекенжайына өтініш жіберу арқылы. Өтініш алынған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады. Өтінішті қарау үшін қосымша уақыт қажет болса, мерзім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте ұзартылады, бұл туралы Пайдаланушы хабардар етіледі. Деректерді жоюды қолданбада да орындауға болады.
Қолданбадағы жекелеген әрекеттер сенімді тұлғаның растауын талап етеді: аталған шара қорғанысты үшінші тұлғалардың ықпалымен өшіруге жол бермеуге бағытталған.
8. Оператор және байланыс деректері
Дербес деректер операторы — «Браинт» ЖШС, БСН 210540021241, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Хаджи Мұқан к-сі, 22/5. Өтініштер, оның ішінде өңдеуді тоқтату және деректерді жою туралы: info@ayalashield.kz.